"QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов «Меркі-Бурылбайтал-Балқаш» бағытындағы автожолды қайта жаңарту жобаларының қарқынын тексерді. Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдың барлық учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде..
Іс-сапар барысында келесі нысандар тексерілді:
• Ұзынағаш-Отар Ұзындығы
96 шақырым «Ұзынағаш-Отар» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 3 учаскеге бөлінген. Тас жолдың 80 шақырымы Алматы облысы, 16 шақырымы Жамбыл облысы арқылы өтеді. Жұмыстардың нәтижесі бойынша автожол Іб тех-никалық санатына сәйкестендіріліп, әр бағытта екі жолақты күре жол болады. Жұмыстарға 331 білікті мамане мен 125 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жоба аясында 1 асфальтбетон зауыты, 1 қоспабетон зауыты мен 9 ұнтақтағыш құрылғылар салынды. Биыл тасжолдың тас жолдың белгілі учаскелерінде көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланған. Алайда, жобаның толық аяқталу мерзімі – 2022 жыл.
• Меркі-Бурылбайтал
Ұзындығы 266 шақырым учаске Жамбыл облысындағы Шу, Тәтті, Бірлік және Хан-тау елді мекендері арқылы өтеді. Барлық 266 шақырымы құрылыс-монтаж жұмы-старымен қамтылған. Нысанда China Xingxing Construction пен «АБК-Автодор НС» ЖШС жұмыс істеуде. Жоба бойынша, ұзындығы 89 шақырым «Меркі-Шу» учаскесі Іб техникалық санатына сәйкестендіріліп, толық төрт жолақты болады. Ал ұзындығы 177 шақырым «Шу-Бурылбайтал» учаскесі екі жолақты, ІІ техникалық санатқа сәйкес болады. Бүгінде 6,1 млн.м3 жер қазу жұмыстары жүргізіліп, құм-қиыршық тасты қоспадан жол табанының 168 шақырымы және жол жабынының 152 шақырым төменгі қабаты, 131 шақырым жоғарғы қабаты төселген. Нысанда 794 техника мен 1682 жергілікті жұмысшы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жол жабынының 80 шақырым төменгі қабаты бойынша көлік қозғалысы ашық. жобаның толық аяқталу мерзімі – 2022 жыл.
• Балқаш-Бурылбайтал
Бүгінгі күні ұзындығы 288 шақырым учаскеде Синохайдро и СП Колин / СМС ком-паниялары жұмыс жасауда. Жоба бойынша учаске төрт жолақты, Іб техникалық санатына сәйкес болады. Жолшылар 6,8 млн.м3 жерді қазып, жол табанының 71 шақырым төменгі қабатын және асфальтбетоннан 49 шақырым жоғарғы қабатын төседі. Сондай-ақ, жол жабынының 25 шақырым төменгі қабаты төмелген. Учаскедегі қарқынды жұмысқа 600 арнайы техника мен 1235 білікті маман жұмылдырылған. Бүгінде жол жабынының 16 шақырым төменгі қабаты бойынша көлік қозғалысына рұқсат берілген.
• Күрті-Бурылбайтал
Күре жолдың ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Жұмыстардың нәтижесі бойынша тас жол Іб техникалық санатына сәйкес болады. Жолшылар 7 млн м3 жер қазу жұмыстарын жүргізіп, жоспарланған 204 су өткізгіш құбырдың 130 бірлігін орнатты. Сондай-ақ, жол табанының 100 шақырым жоғарғы қабаты мен жол жабынының 71 шақырымы төселді. . Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстарға 651 техника мен 968 адам жұмылдырылған.
Іс сапар барысында Шамалған бекеті бойынша жол айрығының құрылыс қарқыны тексерілді. Қайта жаңарту жобасы бойынша нысан ІІ санаттан, 4 жолақты ІЭБ техникалық санатына ауыстырылады. Жылдың басынан бастап жолшылар 380 мың м3 жер қазу жұмыстарын жүргізіп, 189 тіреуді орнатты. Су өткізгіш құбырларды орнату жұмыстары да қарынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 293 маман мен 61 техника жұмылдырылған. Жобаның алдағы жылы толық аяқталады деп жоспарланған.