icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар автожолдарды қыс мезгіліне дайындау

22-қыркүйек күні Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовтың төрағалығымен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РММ, «Қазақавтожол» ЖШС мен олардың өңірлік филиалдардағы басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. 

Жиын барысында аталмыш мекемелердің солтүстік өңірлердегі басшыларының баяндамалары тыңдалып, өндірістік базалардың, техника мен материалдың 2020-2021 жж. қыс мезгіліне дайындығы жөнінде есеп берілді. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды техникамен қамтамасыз ету үшін «Қазақавтожол» ЖШС қажетті техниканың бір бөлігін сатып алуды, қалғанын жалға алуды жоспарлауда. 

Жиналыстың қорытындысы бойынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС-не автожолды қыс мезгілінде күтіп ұстауға қажетті арнайы техника мен материалдарды, өндірістік базаларды толық дайындау тапсырылды.