icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы" тас жолын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

2020 жылдың 16 қыркүйек күні "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы «Ертіс аdaldyq alany» мониторингтік тобы және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп "Павлодар-Шарбақты-Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының км 18-30, 42-60, 80-88 учаскелеріндегі орташа жөндеу жұмыстарын қабылдады.
Учаскедегі бас мердігер "ГорДорСтрой" ЖШС. Орташа жөндеу жұмыстарының аясында суық ресайклинг әдісі арқылы асфальтбетон жабын жөнделді. Жолдың бойында автопавильондар орнатылып, елді мекендерге шығар жол жасалған. Күре жолдың жиегі нығайтылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, жолшылар Шарбақты мен Маралды елді мекендерінің аумағында жалпы ұзындығы 3 шақырым электр желісін іске қосты. 

Учаскедегі жұмыстар өнідірістік жоспарда белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды