17-қыркүйек күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасында "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіповпен "Кадрлық саясаттың жүзеге асырылуы" тақырыбында ТІКЕЛЕЙ ЭФИР өтеді. Эфир барысында Басқарма төрағасының орынбасары тас жолдардағы жұмысқа қанша маман жұмылдырылғаны, әлеуметтік қолдау шаралары мен жол құрылысының өңірлік экономикаға тигізер әсері туралы ақпаратпен бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап береді. Өткізіп алмаңыздар! Барлық сұрақтарыңызды + 7 702 077 70 67; +7 702 403 23 03 WhatsApp нөмірі бойынша немесе press.kazavtozhol@gmail.com электрондық поштасына алдын-ала жіберуге болады.