icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов Алматы облысындағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту жобасы бойынша жұмыстарды тексерді

Биылғы маусымдағы негізгі жобалардың бірі - «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолы. Ұзындығы 768 шақырым тасжолды қайта жаңарту жұмыстарын 2022 жылы толық аяқтау жоспарланған. Оның 315 шақырымы Алматы облысына қарасты. Мұндағы жұмыстар 5 учаскеге бөлінген. Іс-сапар барысында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов 287 шақырымнан 615 шақырымға дейінгі жол учаскесіндегі жұмыстардың қарқынын тексерді. 

Құрылыс-монтаж жұмыстарын «CITIC Construction Co» мердігер ұйымы жүргізуде. Бүгінде учаскеде 889 арнайы техника мен 1789 білікті маман жұмыс жасауда. 

Жұмыстардың нәтижесі бойынша тасжолдың 32 шақырымы Іб техникалық санатына, ал 290 шақырымы ІІ техникалық санатқа сәйкес болады. Мұнда екі сатылы екі жол айрығы салынып, 21 көпір мен 404 су өткізгіш құбыр қайта жаңартылады. 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Басқрама төрағасының орынбасары жол-құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырып, қосымша қажетті мамандарды (геодезисттер) тез арада жұмысқа тартуды тапсырды. Сондай-ақ, жобаны белгіленген мерзімде тапсыру үшін түнгі уақытта жұмыс жасауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. 

Атап өтсек, бұл учаске Алматы облысындағы туристік бағыттағы күре жолдардың бірі болып табылады. Мәселен, былтыр осы жолмен Алакөлге 1,2 млн демалушы барған болаты. Оның ішінде жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар да бар. 

Сол себепті, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту жобасы тек Алматы облысындағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы экономикалық және туристік жағдайға өз әсерін тигізетіні анық.