icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Еліміздегі ақылы автомобиль жолдарының саны артады

2020 жылдың 9-қыркүйек күні Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен республикалық маңызы бар автожолдарда төлем қабылдау жүйесін орнату және қызмет көрсету бойынша Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы туралы кеңес өтті. 

Жиналыс барысында Консорциумның көшбасшысы ретінде «Computer Vision Technologies» ЖШС-нің жұмыс қарқыны туралы есебі тыңдалды. Бүгінде «Шымкент-Ташкент» учаскесі тестік тәртіпте пайдалануға берілген. Инвестор жыл соңына дейін ұзындығы 5,8 мың шақырым тас жолда төлем қабылдау жүйесінің монтажын аяқтауға тиіс. 

Жиналыстың қорытындысы бойынша Инвесторға Жоба бойынша жұмыстардың қарқынын арттыру, сондай-ақ, автожолды ақылы жүйеге ауыстыру туралы ақпарат тарату мақсатында, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және оның барысында жергілікті халықпен төлем мөлшерлемесін талқылау тапсырылды. 

Анықтама үшін: 2019 жылғы 24-желтоқсан күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен Консорциумның көшбасшысы ретінде «Computer Vision Technologies» ЖШС инвестициялық шартқа қол қойды. Шарт бойынша, Консорциум 2024 жылға дейінгі мерзімде республикалық маңызы бар 11 мың шақырым тас жолда төлем қабылдау жүйесін орнатады. Инвестиция мөлшері – 25,7 млрд.теңге.