icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2021 жылы "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ автожол саласы қызметкерлерінің жергілікті салалық кәсіподағын құруды жоспарлап отыр

2020 жылдың 4-7 қыркүйегінде "QazAvtoJol "ҰК" АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Көктеубаев пен Әкімшілік жұмыс және сатып алу департаментінің директоры Марат Тұрғанбаев Жамбыл облысындағы "Мерке-Бурылбайтал" учаскесінің қызметкерлерімен Әлеуметтік мәселелер бойынша кездесу өткізді. Жамбыл облыстық филиалынан директордың орынбасарлары Дәурен Сейдувалиев пен Айжан Туғанова қатысты. 

"СиньСинь Құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы" ЖШС Қазақстандық филиалының, "АБК-Автодор НС" және "Синохайдро" қызметкерлеріне кәсіподақтың түрлі жеңілдіктері туралы айтылды. Мысалы, кәсіподақ мүшелеріне жыл сайын жаңа жылдық балалар сыйлықтарына қаржы бөлінеді, "Құрметті жолшыларға" материалдық көмек бөлінеді, санаторийлерге жолдамалар беріледі (тиісті құжаттарды ұсынған кезде кәсіподақ 20% төлейді). 

Сондай-ақ, кәсіподаққа мүшелік аясында ауру кезінде немесе ота жасалған кезде біржолғы 25 АЕК – нен аспайтын материалдық көмек беріледі.(құжаттар мен түбіртектерді ұсынған кезде). Кездесу қорытындысы бойынша автожол саласы қызметкерлерінің жергілікті салалық кәсіподағын құру мүмкіндігі қарастырылды. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда "Qazavtojol "ҰК" АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымы"Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы "Қоғамдық бірлестігінің құрамына кіреді.