icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Көкшетау-Атбасар» автожолында «ACROSOIL» тұрақтандырғыш технологиясы апробацияланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «UneedUs» ЖШС «Көкшетау-Атбасар» автожолының км 7+150 – 7+250 учаскесінде жол табанына қажетті «Acrosoil» тұрақтандырғыш қоспасын сынамадан өткізді. 

«UneedUs» компаниясының ақпараты бойынша «Acrosoil» тұрақтандырғышы кез келген жол жабыны мен тіпті саз-балшықты жол табанын нығайтуға мүмкіндік береді. 

Жер жамылғысындағы немесе жол табанындағы топырақ қопарылып, 1-3% цемент және топырақтың түріне байланысты белгілі бір мөлшерде «Acrosoil» қоспасы қосылады да, рейсаклер арқылы араластырылады. Пайда болған қоспа жұдырықшалы каток арқылы төселеді және автогрейдердің көмегімен кескінделеді. Соңынан жол жабынын тегіс білікті және пневмо дөңгелекті катоктар арқылы тегістеу қажет. 

Дәстүрлі әдіс бойынша топырақты нығайту үшін 6-7% цемент қажет болса, ал «Acrosoil» тұрақтандырғышы арқылы тек 1-3% ғана жұмсалады. Яғни, бұл технологияны пайдалану арқылы жұмсалатын материалдың көлемі азайып, жол телімі құрылымының өзіндік құны төмендейді. 

Тәжірибелік учаскеде мониторинг жүргізіліп, техникалық бақылаудың нәтижелері дайын болғаннан кейін аталмыш технологияны өндіріске енгізу туралы шешім қабылданады.