Жолшылар Р-14 «Көкшетау қ.айналма жолы (әуежайға кіреберіс жол)» автожолының км 0-+960 және әуежайға кіреберіс км 0-1+500 учаскелерін пайдалануға берді.
«Көкшетау жолдары» ЖШС-нің өкілдері ресайклинг жұмыстарын жүргізіп, афальтбетон қоспадан жол жабынын төседі. Сондай-ақ, жол белгілері салынып, қозғалыс бөлігінің эксплуатациялық сипаттамалары қалпына келтірілген. Жол жабынының жоғарғы қабаты үшін қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон қолданылды.
Жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен 3 ай бұрын аяқталды. Аталмыш учаскелер бойынша көлік қозғалысына рұқсат берілген.