icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің назарына!

«Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізіне қарасты М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы (Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы)» автожолының 1402 шақырымында, Ошағанды елді мекенінде (Қарағанды облысы) орналасқан, толық жабдықталған жол бойындағы сервис кешені жалға беріледі.

 Бұл сервис кешенінде: - жалпы ауданы 401 м2 құрайтын 30 орынға есептелген қонақ үй; - жалпы ауданы 412 м2 құрайтын 50 адамға есептелген асхана; - ірі габаритті техникаға арналған жалпы ауданы 884,4 м2 құрайтын жылы гараж; - жалпы ауданы 71,3 м2 қазандық; - көмірге арналған жалпы ауданы 152,3 м2 қойма бар. 

 Мұндай кешенді жалға алудың құны – әр айда 1 708 807 теңге. Сондай-ақ, 1 001 124 теңге көлеміндегі кепілді жарна төлену қажет.

 Өтініштер ағымдағы жылдың 14-тамызы, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Өтінішті жолдау тәртібі және конкурстың талаптары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің www.gosreestr.kz сайтында жарияланған. 

 Өтінішті жолдау үшін сілтеме: https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/auctions/159956/view