icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысындағы «РФ шекарасы (Челябинск) - Петропавл қаласы арқылы РФ шекарасына (Новосибирск)» автожолының 60 шақырымы қайта жаңартылады

«Щучинск-Көкшетау-Петропавл-Ресей Федерациясының шекарасы» дәлізіне қарасты «РФ шекарасы (Челябинск) - Петропавл, Омбы қалалары арқылы РФ шекарасына (Новосибирск)» автожолының 465-525 шақырымы аралығындағы учаске құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылған. Учаскенің ұзындығы 60 шақырымды құрайды. Жұмыстары «К-ДорСтрой» АҚ, ал техникалық бақылауды «САПА СЗ» ЖШС жүргізуде. 

Жыл басынан жолшылар 293 мың м3 жер жамылғысын төсеп, жол табанының 8 шақырымнан астам төменгі және жоғарғы қабатын орнатты. Жол жабынының төменгі қабаты үшін ірі түйіршікті асфальтбетон, ал жоғарғы қабаты үшін қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон қолданылған. Қазіргі таңда нысанда 400-ге жуық білікті маман мен 230 арнайы техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша, биыл жолшылар аталмыш автожолдың ұзындығы 30 шақырым учаскесін пайдалануға береді.