icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов «Меркі-Бурылбайтал-Балқаш-Қарағанды» бағытындағы автожолды қайта жаңарту жобаларының қарқынын тексерді

Демалыс күндері "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов «Меркі-Бурылбайтал-Балқаш-Қарағанды» бағытындағы автожолды қайта жаңарту жобаларының қарқынын тексерді. Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдың барлық учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде. Нысанда 4000-нан астам жергілікті жұмысшы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын салаларда 10 000-нан астам адам жұмылдырылған. Нақты айтсақ, жол-құрылыс материалдарымен, азық-түлікпен, жанармаймен қамтамасыз ету салалары. 

Компанияның 1403 нөміріндегі байланыс орталығына айналма жолдардың сапасы туралы шағымдар келіп түскен болатын. Іс-сапар барысында аталмыш жолдар тексеріліп, мердігер ұйымдарға арнайы тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Синохайдро компаниясының қызметкерлері жатақханалар мен тамақтың сапасына байланысты пікірлерін жеткізген болатын. Оларда да тексеру жүргізіліп, ас мәзіріне өзгертулер енгізіліп, ғимараттарда жөндеу жұмыстары жасалды. 

Іс-сапар барысында келесі нысандар тексерілді: 

 

  • Ұзынағаш-Отар 

 

Ұзындығы 96 шақырым «Ұзынағаш-Отар» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 3 учаскеге бөлінген. Тас жолдың 80 шақырымы Алматы облысы, 16 шақырымы Жамбыл облысы арқылы өтеді. Жұмыстардың нәтижесі бойынша автожол Іб техникалық санатына сәйкестендіріліп, әр бағытта екі жолақты күре жол болады. Жұмысқа жұмылдырылған 600 адамның 95% жақын елді мекендердің тұрғындары. Жоба аясында 2 асфальтбетон зауыты, 1 цемонтбетон зауыты мен 3 ұнтақтағыш құрылғылар салынды. Биыл тасжолдың бетон жабыны төселген 16 шақырымын пайдалануға беру және 40 шақырымында көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланған. 

 

  • Меркі-Бурылбайтал 

 

Ұзындығы 266 шақырым учаске Жамбыл облысындағы Шу, Тәтті, Бірлік және Хантау елді мекендері арқылы өтеді. Барлық 266 шақырымы құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылған. Нысанда China Xingxing Construction пен «АБК-Автодор НС» ЖШС жұмыс істеуде. Жоба бойынша, ұзындығы 89 шақырым «Меркі-Шу» учаскесі Іб техникалық санатына сәйкестендіріліп, толық төрт жолақты болады. Ал ұзындығы 177 шақырым «Шу-Бурылбайтал» учаскесі екі жолақты, ІІ техникалық санатқа сәйкес болады. Бүгінде 3,6 млн.м3 жер қазу жұмыстары жүргізіліп, құм-қиыршық тасты қоспадан жол табанының 75 шақырымы және жол жабынының 60 шақырым төменгі қабаты төселген. Нысанда 650 техника мен 1500 жергілікті жұмысшы жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін учаскедегі жаңа жол жабыны бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланған.  

 

  • Балқаш-Бурылбайтал 

 

Бүгінгі күні ұзындығы 288 шақырым учаскеде Синохайдро и СП Колин / СМС компаниялары жұмыс жасауда. Жоба бойынша учаске төрт жолақты, Іб техникалық санатына сәйкес болады. Жолшылар 4,9 млн.м3 жерді қазып, жол табанының 13 шақырым төменгі қабатын және асфальтбетоннан 8 шақырым жоғарғы қабатын төседі. Учаскедегі қарқынды жұмысқа 600 арнайы техника мен мыңнан астам білікті маман жұмылдырылған. Жылдың соңына дейін жолдың жаңа жабыны бойынша көлік қозғалысын ашу көзделген. 

 

  • Карағанды-Балқаш

 

Күре жолдың ұзындығы 363 шақырымды құрайды. Соңғы іс-сапарымның барысында жұмыстың бәсеңдегенін атап өткен болатынмын. Нысанда «СП КазГерСтрой» ЖШС мен CITIC Construction Co.Ltd компаниялары жұмыс жасауда. Нысанның жобасы бойынша автожол төрт жолақты, Іб техникалық санытна сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, 28 көпір мен жол өткелінің, 377 су өткізгіш құбырдың, елді мекендердің маңынан демалыс алаңдары мен автопавильнодардың құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстарға 900 техника мен 1600 адам жұмылдырылған.Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін учаске бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру тапсырылды.