icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

А-22 «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының км 389-515 учаскесін қайта жаңарту жұмыстарының қарқыны

А-22 «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының жалпы ұзындығы 114 шақырымды құрайды. Биыл оның 65 шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Бұл Денисовкадан Перелески елді мекеніне дейінгі 35 шақырым және Перелескиден Тобыл станциясына дейінгі 30 шақырым. Аталмыш учаскелерде «Иврус» ЖШС мен «АБК-Автодор НС» ЖШС жұмыс істеуде. Қостанай облысының дамуына айтарлықтай серпін берер мәселелердің бірі – құрылыс жұмыстарымен қамтылған учаскелер Денисовка, Антоновка, Алчановка, Перелески, Лисаковск, Валерьяновка, Рудный елді мекендерінің маңайынан өтеді. 

Жоба бойынша су өткізгіш құбырларды орнату, жол айрықтарын, сервис павильондары бар демалыс алаңдарын, Денисовкада жол-пайдалану учаскесі мен Антоновка елді мекенінде жол-пайдалану пунктін салу көзделген. 

Қайта жаңарту жұмыстары биыл Тобылдан Рудный бағытындағы жалпы ұзындығы 49 шақырым учаскелерде де жүргізілуде. Оларды толық аяқтау мерзімі - 2022 жыл. 

Жұмыстардың нәтижесі бойынша ұзындығы 114 шақырым автожол ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріліп, қозғалыс бөлігінің ені 7,5 метр, толық екі жолақты болады. Бүгінде нысанда 475 адам жұмыс жасауда, 230-дан астам арнайы техника жұмылдырылған. Жобаны 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған.