icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолы толығымен жаңартылуда

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының жалпы ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 11 учаскеге бөлінген 458 шақырымы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Қазіргі таңда жұмыстардың қарқыны жақсы деңгейде. 

880 мен 967 шақырым аралығындағы учаскедегі бас мердігер – «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС. Учаскедегі жұмыстарды жүзеге асыруға 300-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Жоба аясында жол бойындағы ауылдардан 112 адам жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар, «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС жоба басталған сәттен 165 жергілікті жеке кәсіпкерлер мен қызмет ұсынушы компаниялардан жалпы құны 860 миллион теңгеге қажетті тауарлар мен қызмет түрлері сатып алынды. Атап айтқанда, 196 млн.теңгеге инертті құрылыс материалдары (қиыршық тас, цемент, бетон, т.б.), 120 млн.теңгеге азық-түлік, тұрмыстық химия мен санитарлық жабдықтар, 545 млн.теңгеге мердігер ұйымдарға жалдамалы тұрғын үй мен техника (68 бірлік) ұсынылды. Осылайша, мердігер ұйымдар 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл өз кезегінде аталмыш автожолдың бойындағы ауыл тұрғындарының, Шығыс Қазақстан облысындағы жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізуде. 

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың өкілдері Наурыз, Құрбан айт іспеттес әлеуметтік мерекелерді ұйымдастыру барысына да белсене қатысады. Өңірдегі нысандарды жөндеу жұмыстарына арнайы техниканы ұсыну арқылы жергілікті атқарушы органдарына да көмек көрсетуде. 

Жұмыстың нәтижесі бойынша «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолы ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріліп, әр жолақтың ені 3,75 метр болатын екі жолақты күре жол болады. Биыл аталмыш учаске бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру көзделген. Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2022 жыл.