Демалыс күндері «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының Шығыс Қазақстан облысындағы км 685-880 учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстарын тексерді. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының жалпы ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 11 учаскеге бөлінген 458 шақырымы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Қазіргі таңда жұмыстардың қарқыны жақсы деңгейде. Сондай-ақ, Басқарма төрағасының орынбасары автожолды уақтылы пайдалануға беру бойынша бірнеше тапсырмаларды атап өтті. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының км 685-880 учаскесіндегі бас мердігер – «К-Дорстрой» АҚ. Авторлық бақылауды Өскемен қ. «Каздорпроект» ЖШС мен «Дортранс» ҚҒЗЖ ұйымдары жүзеге асырады. Учаскенің ұзындығы – 195 шақырым. Жұмыстың нәтижесі бойынша автожол ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріліп, әр жолақтың ені 3,75 метр болатын екі жолақты күре жол болады. Қазіргі таңда учаскедегі жұмыстарға 680 маман мен 480 арнайы техника жұмылдырылған. Биыл аталмыш учаске бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру көзделген. Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2022 жыл.