icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Павлодар облысында Қ.Сәтбаев атындағы арнадан өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді

"Қызылорда-Павлодар-Успенка" км 1206-1251 автожолын қайта жаңарту жобасына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы арнадан өтетін көпір пайдалануға берілді. Жоба бойынша бас мердігер - "Автодорсервис" ЖШС, ал мердігер ұйым - "Мостоотряд-8" ЖШС. Көпірдің ұзындығы 127 метрді құрайды. Көпір құрылысшылары нысанның бес аралық құрылымын нормативке сәйкестендірді. Бүгінгі күні мамандар соңғы дайындық жұмыстарын аяқтады. Атап өткенде, жолақтар салынып, жол белгілері орнатылды. Көпір бойынша екі бағыттағы көлік қозғалысы 2019 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын.