icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!»

Құрметті қазақстандықтар! 

Биыл Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне 75 жыл! Соғыс жылдары барлық жол-көлік саласының күші әскери фронтқа бағытталған еді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлы Жеңіс қарсаңында Отан соғысының оқ бораған даласында фашизмді жеңген батырлардың рухына тағзым ете отырып, «Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» атты патриоттық онлайн-акцияны бастады. Акция сұрапыл соғыстағы жеңіске өз үлестерін қосқан ардагерлерге, жол саласы қызметкерлеріне арналған. 

Карапыш Иван Федерович (1919-2020жж) Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Захаровка ауылында дүниеге келген. Кейіннен отбасы Қостанай облысындағы Қарасау ауданы, Корниловка ауылына көшеді. Ауыл шаруашылығында қызмет еткен Иван Федорович 1940 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылады. Жапон самурайлары Моңғолия шекарасында ұйымдастырған кикілжіңді тарқатуға қатысып, маршал Г.К.Жуковтың алғысын алған. Соғыс жылдары Украина майданында фашист басқыншылығына қарсы күресіп, танк экипажынының радисті болған. Жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатқаннан кейін әскери эшелондарға көмек көрсеткен. Сұрапыл соғыстағы ерлігі үшін Отан соғысының І дәрежедегеі орденімен, ІІІ дәрежедегі Даңк орденімен, Кеңес одағының маршалы Г.К.Жуковтың төсбелгісімен марапатталған. 

Соғыстан кейін ауыл мектебінде мұғалім болып, жеті жылдық мектептің директоры, Қарасу аудандық ком.партияныңың үгіт-насихат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Аудандық жол қызметін 35 жыл басқарған. Иван Федорович Карапыш КСРО-ның Құрметті жолшысы, "Судбьа моя - дороги" кітабінің авторы. 

Есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін батырларымыздың даңқы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады!