Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттар тұтастығы мен халықтар бірлігі бізге аманат болып қалған теңдессіз мұра. Отанымыздың жарқын болашағы үшін көптеген жұмыстар мен ортақ мақсаттарымыз бар екені белгілі. Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен ынтымақтастығы одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!