icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ тендерге қатысуға шақырады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құрылыс ұйымдарын «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай – Рахман қайнарлары» 56-88 км автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша тендерге қатысуға шақырады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 30 сәуірі, өтінімдерді ашу күні – 2020 жылдың 12 мамыры, сатып алу құны – 7 583 080 688,45 тенге ҚҚС есебінсіз. Жобалар туралы толық ақпарат мемлекеттік сатып алудың ресми goszakup.gov.kz сайтында қолжетімді. 

Қоғамның барлық тендерлері электронды форматта өткізіліп жатқанын атап өту қажет. Бұл әлеуетті өнім берушілер үшін сатып алу рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Құрметті қатысушылар! «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы қызметінің байланыс-орталығына немесе + 7 7172 648738 нөміріндегі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сенім телефонына хабарласуларыңыз қажет.