icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

“QAZAVTOJOL” ҰК” АҚ-да жол қызметкерлері марапатталды

Биылғы жылғы қыс барлық қазақстандықтарды өз қаһарымен таңқалдырғаны белгілі. Қаңтар айында Елордамен қатар, еліміздің бірнеше аймақтарында борандар күшейіп, бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды. Ауа-райының тосын мінезіне төтеп беру үшін жол қызметкерлері “нон-стоп” тәртібіндегі жұмысқа ауысты. Қазақстан бойынша жүздеген техника күн демей, түн демей жұмыс жасады. Жолда қалып қойған 4000-нан астам жолаушыға көмек көрсетіліп, көктайғаққа қарсы мыңдаған тонна материал пайдаланылды. Осы уақыт аралығында байланыс орталығына 90 мыңнан астам адам хабарласып, 3500 автокөлік қар құрсауынан құтқарылған. Еліміздің 6 өңірінде оперативті штабтар құрылып, әлі күнге дейін кезекші диспетчерлік қызметтер жұмыс жасауда. Аталмыш шараларды шұғыл түрде ұйымдастырудың басты мақсаты - барша азаматтарға қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың салдарын мүмкіндігінше төмендету. 

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов ауа-райының қолайсыз жағдайларында тәулік бойы жолды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізген, қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз етіп, азаматтарды эвакуацялау барысында аянбай еңбек еткен ерен еңбектері үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен "Қазақавтодор" ЖШС-ң қатарынан 49 қызметкерді марапаттады. 

Сондай-ақ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ның атынан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне аса назар аударып, ұлдарының бойында еңбекқорлық қасиетті қалыптастырғандары үшін 5 жас маманның ата-анасы алғыс хатпен марапатталды. 

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басшылығының атынан марапатталған барлық қызметкерлер мен олардың отбасыларына алғыс білдіреміз.