icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!

Құрметті қазақстандықтар! 

Биыл Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне 75 жыл! Соғыс жылдары барлық жол-көлік саласының күші әскери фронтқа бағытталған еді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлы Жеңіс қарсаңында Отан соғысының оқ бораған даласында фашизмді жеңген батырлардың рухына тағзым ете отырып, «Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» атты патриоттық онлайн-акцияны бастады. Акция сұрапыл соғыстағы жеңіске өз үлестерін қосқан ардагерлерге, жол саласы қызметкерлеріне арналған. 

Сембаев Жұмағали (1914-1996 ж.) 1914 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары майданға аттанып, елге аман-есен оралған. Әр түрлі салада еңбек етіп, 1950 жылдан бастап Маңғыстау облысы, Ералы ауданындағы жол пайдалану бөлімшесінде қызмет еткен. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, жол шебері лауазымына дейін көтерілген. Жол саласында 30 жылдан астам ұзақ жұмыс жасап, 1984 жылы зейнетке шыққан. Еңбек еткен жылдары өзінің кәсіби біліктілігі үшін әр түрлі мақтау, марапаттау қағаздарымен марапатталған. 

Есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін батырларымыздың даңқы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады!