Құрметті қазақстандықтар!
Биыл Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне 75 жыл! Соғыс жылдары барлық жол-көлік саласының күші әскери фронтқа бағытталған еді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлы Жеңіс қарсаңында Отан соғысының оқ бораған даласында фашизмді жеңген батырлардың рухына тағзым ете отырып, «Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» атты патриоттық онлайн-акцияны бастады. Акция сұрапыл соғыстағы жеңіске өз үлестерін қосқан ардагерлерге, жол саласы қызметкерлеріне арналған.
Ақшолақов Жиделі Құдабайұлы, 1922-2009 жж. Маңғыстау облысы, Бозашы түбегінің Жиделі ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың мамыр айында Чкалов облысы, Татскийде әскери қызмет атқарып, сол жерден соғысқа аттанған. 1946 жылдың желтоқсан айында елге оралған. 1948-1996 жылдар аралығында жол мекемесінде жұмысшы, бригадир, мастер, учаске бастығы, прораб болып 48 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған. Соғыс кезіндегі батырлығы мен қайсарлығы үшін ордендармен және еңбектегі жетістіктері үшін төсбелгілермен марапатталған.
Есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін батырларымыздың даңқы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады!