icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2020 жылы «Үшарал-Достық» автожолының ұзындығы 60 шақырым учаскесі ашылады

Ұзындығы 184 шақырым «Үшарал-Достық» автожолының құрылысы 2022 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Ол Алматы облысындағы Ынталы, Көктума, Жалаңашкөл және Достық елді мекендері арқылы өтетін болады. 

Бүгінде бас мердігер «Қыран» ЖШС мен «АБК Автодор НС» ЖШС компаниялары негізгі құрылыс жұмыстарын бастады. Жұмыстың сапасын «Аймерке» ЖШС, «Альянс» ИӨО» ЖШС мен «Сапаинжиниринг» ЖШС бірлесіп бақылайды. 

Қайта жаңарту жобасына сәйкес, Үшаралдан Достық елді мекеніне дейінгі ұзындығы 184-шақырым күре жол ІІ-техникалық санатқа сәйкестендіріліп, екі жолақты автожол болады. Жоба аясында 12 көпірді, 278 құбырды, демалыс алаңдарын мен елді мекендердің маңайында автопавильнодарды орнату көзделген. Ағымдағы жылдың нәтижесі бойынша ұзындығы 60 шақырым учаскені ашу жоспарланған. 

Тасжолды қайта жаңарту жұмыстарына 363 жол-құрылыс техника мен 571 маман жұмылдырылады.