icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының қарқыны туралы

Қарағанды облысындағы 4 жолақты М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» автожолының 575 шақырымын пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың соңы. Бұл «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал», «Теміртау-Қарағанды» және «Қарағанды қаласының айналма жолы» учаскелері. Аталмыш соңғы екі учаскедегі жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарланған. 

Күре жол Қарағанды облысындағы Приозерск, Теміртау, Қарағанды, Үштөбе, Жұмабек, Ақсу, Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ақжал, Балқаш, Гүлшат, Сарышаған елді мекендері арқылы өтетін болады.  

Қазіргі таңда ұзындығы 575 шақырым автожол бойынша «СП «СинеМидасСтрой» ЖШС, «Даулет-Дорстрой» ЖШС, «СП ҚазГерСтрой» ЖШС, CITICConstructionCo.Ltd, SinohydroCorporationLimited, JVKolinInsaatTurizmSanayiveTicaretA.S., Shanghai Construction Group Co. Ltd. мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын бастады. Олардың сапасын «ҚұрылысСапасы» ЖШС, «ЖолЖобаKZ» ЖШС, «АРСнабиК» ЖШС, «СтройСервисГарант» ЖШС, IsanCorporation ЖШС «ZSENGINEERING» және «Zertec» ЖШС техникалық бақылау қызметтері жүзеге асырады. 

Қайта жаңарту жобасының аясында 15 көпірдің, 17 жол айрығының, 40 жол өткелінің, 470 су өткізгіш құбырдың, демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында орналасатын автопавильондардың құрылысы көзделген. 

Бүгінде 23 млн.м3 жер қазу жұмыстары жасалды. Су өткізгіш құбырлардың 60% орнатылған. Сонымен қатар, жол жабынының 63 шақырым жоғарғы қабаты, 70 шақырым төменгі қабаты және 75 шақырым қиыршық тас қабаты төселді. 

Жоспар бойынша, қайта жаңарту жұмыстарына 2596 жол-құрылыс техникасы мен 4500 білікті маман жұмылдырылады. 

Жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын «Теміртау-Қарағанды» және «Қарағанды қаласының айналма жолы» учаскелеріндегі жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Ал ұзындығы 514 шақырым «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстарын аяқтау мерзімі - 2021 жыл.