icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Өткен ғасырдың 70-жылдарында салынған «Меркі-Бурылбайтал» тасжолы қандай болмақ?

Ұзындығы 262 шақырым Меркі-Бурылбайтал автожолының құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Ол Жамбыл облысындағы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендердің маңайынан өтеді. 

Құрылыс жұмыстарын «Құрылыс және даму бойынша «Синьсинь» Қытай компаниясы» мен «АБК Автодор НС» ЖШС жүзеге асыруда. Ал, «Аркада KZ» ЖШС мен «Сапа СЗ» ЖШС жұмыстардың сапасын қадағалайтын болады. 

Қайта жаңарту жобасына сәйкес, Меркі мен Шудың арасындағы 86-шақырымдық учаске І-техникалық санатқа келтіріліп, толық 4 жолақты болады. Ал Шу қаласының айналма жолынан Бурылбайталға дейінгі ұзындығы 176 шақырым учаске 2 жолақты және ІІ-техникалық санатқа сәйкестендіріледі. 

Жоба аясында 6 көпірдің, теміржолдан өтетін 3 жол өткелінің, 11 жарықтандырылған жол айрығының, 276 құбырдың, демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында орналасатын автопавильондардың құрылысы көзделген. 

Қазіргі таңда 2,6 млн м3 жер қазу жұмыстары жүргізіліп, 80 су өткізгіш құбыр мен 11 мал өткелі орнатылған. Құм-қиыршық тас қоспасынан 59 шақырым төсеме қабат, шақпақ және құм-қиыршықтасты қоспадан 50 шақырым төменгі қабат, ірі түйіршікті асфальтбетоннан жол табанының 46 шақырым жоғарғы қабаты, ал ірі түйіршікті тығыз асфальтбетоннан жол табанының 35 шақырым төменгі қабаты төселді. Жол өткелдері, көпірлер мен жол айрықтары іспеттес 18 жасанды нысанның құрылысы жалғасуда. 

Күре жолды қайта жаңарту жұмыстарына 607 жол-құрылыс техникасы мен 1500 білікті маман жұмылдырылған.