icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Конкурсқа қатысуға шақыру

Қазақстан: 1-ші лот. EBRD/CW-01/2019: км 616-648 (Атырау-Астрахань) келісім-шарты. Ұзындығы 32 км. Жоба Атауы: Атырау-Астрахань Автожолы ЕБРР проектінің ID: 50382 Мемлекет: Қазақстан Тапсырыс берушінің атауы: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Электрондық ID ECEPP: 11032474 Сатып алу бойынша тапсырма атауы: 1-ші лот. EBRD/CW-01/2019: км 616-648 (Атырау-Астрахань) келісім шарты. Ұзындығы 32 км. Сатып алуға арналған тапсырманың сипаттамасы: 1-ші лот бойынша келісім-шартты қайта жариялау Сатып алу түрі: Құрылыс жұмыстары Сатып алу тәсілі: Ашық бір кезеңді тендер Сектор: Көлік Хабарлама түрі: Бір кезеңді тендерге шақыру Жарияланған күні: 17/03/2020 11:35 Хабарландыру күні: 17/03/2020 12:00 Ашу күні: 04/05/2020 00:00 Бір кезеңді тендерге шақыру 

1. Қаржыландыруды нақтылау 

Жоғарыда аталған Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген келісім-шарттың құнын жабу үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (бұдан әрі -ЕҚДБ немесе Банк) берген қарыз қаражатының бір бөлігін пайдалануға ниетті. Қаржыландыру бойынша қосымша ақпарат: Осы келісім-шарт ЕҚДБ қарызы есебінен 8,635,303,470.00 теңге мөлшерінде қаржыландырылады. 

2. Сатып алуды өткізу туралы ақпарат 

Конкурс Банктің сатып алу саясаты мен ережелерімен реттелетін болады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше көрсетілмесе, кез келген елдің компанияларының қатысуы үшін ашық болады. Сатып алу түрі мен сатып алу тәсілі жоғарыда көрсетілген. Сатып алу рәсімінің толық сипаттамасын ECEPP порталында құжаттамадан және тегін табуға болады. Құжаттама мынадай ақпаратты қамтиды: егжей-тегжейлі техникалық және қаржылық талаптар; лот бойынша кез келген ақпарат; күтілетін нәтиже; біліктілік талаптары; келісім-шарттың басталу күні; келісім-шарттың жоспарланған ұзақтығы; жауап бойынша кез келген талаптар; кез келген басқа тиісті ақпарат. Сатып алудың бұл рәсімі клиенттер үшін ЕҚДБ (ECEPP) Электрондық сатып алу порталын пайдалану арқылы жүргізілетін болады. Әлеуетті қатысушылар төмендегі сілтемені немесе "мүмкіндіктерге қол жеткізу" батырмасын басу арқылы сатып алу рәсіміне қол жеткізе алады (осы хабарламаны ECEPP-те қараған кезде). Тіркелген қатысушылар жүйеге кіріп, құжаттамаларға тез арада қол жеткізе алады, ал тіркелмеген қатысушылар қысқа тіркеу аяқталғаннан кейін қол жеткізеді: https://ecepp.ebrd.com/respond/9EAC3RU268 

3. Басқа ақпарат 

Басқа ақпарат берілмейді. 

4. Тапсырыс берушінің мекенжайы 

Тапсырыс берушінің мекенжайы тек ақпарат үшін беріледі. Мүдделілік туындаған кезде қол жетімді сілтемелерді пайдалана отырып, құжаттарға қол жеткізуге болады. Қатысушылар Тапсырыс берушімен байланыс жасау үшін ECEPP хабарлама орталығын пайдалануы тиіс. 

Наргиз Навои 

Займ басқармасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 

«Изумрудный квартал» бизнес орталығы, Қонаев көшесі, 10 

Нұр-Сұлтан 

010000 

Қазақстан 

Тел. +71712 648770 

Email: n.navoi@kazautozhol.kz