13-наурыз күні «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті өкілдерінің және Компания қызметкерлерінің қатысуымен автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша селекторлық жиналыс ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде «Қызметкерлердің жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі туралы» және «Қоғамда адалдық, парасаттылық және әділдік ұстанымдарын қалыптастыру» мәселелері талқыланды
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева автожол желілерінің еліміздің транзиттік потенциалын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізгі бағытына сәйкес, қызметкерлердің әрекеті үшін басшылар да жауапкершілікке тартылып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасты түбегейлі өзгерту, «нөлдік шыдамдық» ұстанымын қалыптастыру қажет.
Жиын барысында Департаменттің қасынан құрылған қалалық ақпараттық-насихат штабының жетекшісі Ербол Іргебай де өз пікірімен бөлісті.
Селекторлық жиналысты қорытындылай келе, жол саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша кеңестер айтылып, сәйкесінше шешімдер қабылданды.