Интерактивтік картасы бар «Sapar» мобильді қосымшасын пайдалану туралы пайдаланушы келісімі
Интерактивтік картасы бар «Sapar» мобильді қосымшасын пайдалану туралы осы пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімі), Интерактивтік картасы бар «Sapar» мобильді қосымшасын пайдаланылуының жалпы шарттарын анықтайды.
Терминдер мен анықтамалар
Жалпы ережелер
1) қосымшаны пайдалану басталғанға дейін осы Пайдаланушы келісімінің шарттарымен толық көлемде танысты;
2) осы Пайдаланушы келісімінің барлық шарттарын ешбір ерекшеліктер мен шектеулерсіз толық көлемде қабылдайды, Пайдаланушы келісіміне қосылады және оны сақтауға міндеттенеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға өз келісімін береді.
Қолданбаны пайдалану шарттары
1) Қосымшаны мобильді құрылғының жадына көшіру және орнату;
2) мобильді құрылғыда Қосымшаны қосу;
3) Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында маршрут салу және навигация мақсатында Қосымшаны пайдалану;
4) ҚР ақылы автомобиль жолдары үшін ақы төлеу мақсатында Қосымшаны пайдалану;
5) жолдағы жағдайлар бойынша өтініш жасау, жол бойындағы сервис объектілері, санитарлық-гигиеналық тораптар, ауа райы жағдайлары, баланстың, маршруттың және жолдың өзектілігі бойынша ақпараттық хабарламалар туралы ақпарат алу мақсатында Қосымшаны пайдалану;
6) көлік құралын тіркеу мақсатында Қосымшаны пайдалану және Пайдаланушының жеке, көлік құралы туралы мәліметтерін өзектендіру;
7) Қосымшаны пайдалану үшін, аталған тармақта көрсетілген барлық әрекеттерді Пайдаланушы дербес орындауы керек.
1) Қосымшаны үшінші тұлғаларға сатуға, беруге, жалға беруге, таратуға, беруге немесе басқа жолмен пайдалану құқығын беруге;
2) Қосымшаның немесе оның кез келген бөліктерінің бастапқы кодын өзгертуге, жақсартуға, басқа тілдерге аударуға, декомпиляциялауға, бөлшектеуге, декодтауға, эмуляциялауға, тұтастығын бұзуға;
3) Қосымшаны пайдалана отырып, ақпаратты немесе мазмұнды жаппай тарату, сондай-ақ Қосымшада құқығында Пайдаланушыда орналастыруды жүзеге асыру: заңсыз; әшкерелейтін (беделін түсіретін, ар-намыс пен қадір-қасиетті немесе іскерлік беделін түсіретін); қорлайтын; үшінші тұлғалардың дербес құқықтылығын; ұлттық, нәсілдік және діни араздықты немесе кез келген белгілер бойынша кемсітуді қоздыруға ықпал ету немесе осы іс-әрекеттерді насихаттау; зорлық-зомбылықты, жануарларға қатыгездікті көрсетуді насихаттау; дөрекі немесе әдепсіз; экстремистік материалдарды қамтитын; шектеулі қол жетімділік туралы ақпаратты қамтитын; жалған немесе анық емес сипатқа ие; қылмыстық іс-әрекетті насихаттаушылар және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуға тыйым салынған кез-келген ақпарат;
4) Қосымшаны коммерциялық өнімдердің бөлігі ретінде, үшінші тұлғаларға коммерциялық өнімдерді немесе қызметтерді ұсыну үшін немесе басқа коммерциялық мақсаттарда пайдалануға;
5) Қосымшаны үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға.
1) Құрылғыда өңделетін деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын тікелей Пайдаланушы қамтамасыз етеді. Пайдаланушы Интернет желісін пайдалана отырып, жеке деректерді және басқа да құпия ақпаратты беруге байланысты тәуекелдерді түсінеді және қабылдайды. Егер Пайдаланушы кері дәлелдемесе, оның мобильді құрылғысын пайдалану арқылы жасалған кез-келген әрекеттерді тиісті Пайдаланушы жасаған болып есептеледі;
2) Қосымша үнемі жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қосу және жаңарту сатысында болғандықтан, мұндай өнімдердің нысаны мен сипаты Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін;
3) Оператор өз қалауы бойынша барлық Пайдаланушылар немесе жеке Пайдаланушы үшін Қосымшаны немесе оның қандай да бір жекелеген бөліктерін пайдалануға лимиттер мен шектеулер белгілеуге, сондай-ақ Пайдаланушыға алдын-ала ескертусіз Қосымшаның жұмыс істеуін тоқтатуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы;
4) Қосымшаны пайдалану және деректерді беру Интернетке қолжетімді, сондай-ақ GPS – глобалды позициялау жүйесі Пайдаланушының мобильді құрылғысында болған жағдайда ғана мүмкін болады;
5) Оператор серіктестерімен жасалған шарттар негізінде Қосымшаның қажетті функционалдығын қамтамасыз ету үшін Оператор серіктестік қызметтерді пайдаланады.
1) Қосымшаны Пайдаланушы келісімімен анықталған шарттарда пайдалануға;
2) Қосымшаның жұмысына әсер ететін үшінші тарап бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа техникалық құралдарды пайдаланбауға.
Дербес деректер
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Тараптардың кез-келгені және оның үлестес тұлғалары ресми жариялаған хабарламалар мен есептерде қамтылған мәліметтер;
2) Тараптардың және олардың үлестес тұлғаларының ресми есептерінде, хабарламаларында, пресс-релиздерінде, сондай-ақ жарнамалық хабарламаларында қамтылған мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, құпия ақпарат болып табылмайтын өзге де мәліметтер.
Тараптардың жауапкершілігі
1) Пайдаланушының мобильді құрылғысының өнімділігі үшін;
2) өз құзыретінің шегінен тыс оқиғалар мен мән-жайлардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, оның ішінде Пайдаланушының әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін туындаған теріс салдарлар мен шығындар үшін;
3) Қосымшаны пайдаланудан туындаған ықтимал зақымдар немесе шығын үшін;
4) Қолданушының Қосымшаны пайдалана отырып, үшінші тұлғаларға ақпаратты бергені үшін, сондай-ақ егер Қосымшадағы ақпарат Пайдаланушының мобильді құрылғысына рұқсатсыз кіру немесе ұялы телефондағы вирустық немесе зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету әрекеттері салдарынан үшінші тұлғаларға қолжетімді болған жағдайда;
5) Операторға байланысты емес жағдайларға байланысты Қосымшаны пайдалану мүмкін болмағаны үшін.
Басқа ережелер
Оператор (қосымшаны әзірлеуші) туралы мәліметтер