Ақылы жолдар
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 4 883 км 26 ақылы учаске жұмыс істейді, оның ішінде:
ұзындығы 2 231 км 1 техникалық санаттағы 12 учаске, ұзындығы 2 652 км 2 және 3 техникалық санаттағы 14
учаске.
Бірінші ақылы учаске «Астана - Щучинск» автожолы 2013 жылы іске қосылды.
2019 жылдың қаңтарынан
бастап
ақылы негізде «Астана - Теміртау», «Алматы - Қорғас» және «Алматы - Қонаев» жолдары жұмыс істей
бастады.
2021 жылдың 23 қарашасынан бастап «Астана - Павлодар», «Тараз - Қайнар», «Шымкент -
Қызылорда»,
«Шымкент - Тараз», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы», «Қонаев - Талдықорған» және «Щучинск - Көкшетау» жолдары
ақылы негізде пайдалануға берілді.
2023 жылғы 8 қазан мен 1 желтоқсан аралығында тағы 6 учаске
кезең-кезеңімен ақылы негізде іске қосылды. Олар: «Павлодар - Қалбатау», «Бейнеу - Ақжігіт», «Орал -
Самара», «Павлодар - Омбы», «Көкшетау - Петропавл» және «Орал - Саратов» автожолдары.
2025 жылы ақылы
негізде «Қызылорда - Арал», «Қостанай – РФ шек. (Троицк)», «Ақтөбе – РФ шек. (Орынбор)», «Тараз қаласының
айналма жолы», «Балқаш - Бурылбайтал», «Шу - Бурылбайтал», «Қандыағаш - Мақат» және "Үшарал-Достық"
учаскелері қолданысқа берілді.
Ақылы учаскелер
Ақылы учаскелердің негізгі сипаттамалары

Астана - Щучинск
Ұзындығы – 211 км
Жол санаты - I-a
Қозғалыс жолақтары – екі бағытта 6 жолақ
Төлем жолақтары – 12 жолақ
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары – 4
Жүйе түрі – гибридті
Метеостанции – 4

Астана – Теміртау
Ұзындығы – 134 км
Жол санаты - I-a
Қозғалыс жолақтары – екі бағытта да 4 жолақ
Төлем жолақтары – 16 жолақ
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары – 5
Жүйе түрі – гибридті
Метеостанции – 6

Алматы – Қонаев
Ұзындығы – 42 км
Жол санаты - I-a
Қозғалыс жолақтары – екі бағытта 6 жолақ
Төлем жолақтары – 12 жолақ
Төлем алу пункті - 1
Бақылау аркалары – 1
Жүйе түрі – гибридті
Метеостанции – 2

Алматы – Қорғас
Ұзындығы – 295 км
Жол санаты - I-б
Қозғалыс жолақтары – екі бағытта да 4 жолақ
Төлем жолақтары – 16 жолақ
Төлем алу пункті - 2
Бақылау аркалары – 6
Жүйе түрі – гибридті
Метеостанции – 6

Қонаев-Талдықорған
Ұзындығы – 186 км
Жол санаты - I-а, I-б
Бақылау аркалары – 4
Жүйе түрі – ашық

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға)
Ұзындығы – 82,692 км
Жол санаты - ІІ
Жүйе түрі – ашық

Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке)
Ұзындығы – 163 км
Жол санаты - ІІ
Жүйе түрі – ашық

Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға)
Ұзындығы – 56 км
Жол санаты - III
Жүйе түрі – ашық

Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға)
Ұзындығы – 198 км 5 м
Жол санаты - I-б, ІІ
Жүйе түрі – ашық

Шымкент-Қызылорда
Ұзындығы – 425,5 км
Жол санаты - I-б
Бақылау аркалары – 9
Жүйе түрі – ашық

Қызылорда - Арал
Ұзындығы – 454,85 км
Жол санаты - II
Бақылау аркалары – 6
Жүйе түрі – ашық

Шымкент-Тараз
Ұзындығы – 89,3 км
Жол санаты - I-б
Бақылау аркалары – 5
Жүйе түрі – ашық